Аудармашы, тәржімеші

lat: Aýdarmashy, tárjimeshi

Бір тілден екінші тілге аудару ісімен шұғылданушы маман. Аудармашы білімді, екі тілді де еркін білетін, жазу-сызуға ебі бар адам болуға тиіс («Қаз. әдеб.»). Сен неміс бөлімдерінде тәржімеші болып жүрген Павел Соломонович Михайловты білесің бе? (Ә. Шәріпов).